- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Н.Назарбаевтың таңдамалы сөздерінің жинағы жарық көрді (Фото)
Қазақстанда Н.Назарбаевтың таңдамалы сөздерінің жинағы жарық көрді (Фото)
Тұңғыш Президенттің кітапханасы хабарлағандай, жинақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-саяси дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес, құрамына 9 кітап кіретін 7 томнан тұрады. Оған Мемлекет басшысының 1989-2013 жылдар кезеңіндегі ең елеулі деген тұғырнамалық және бағдарламалық сипаты бар көпшілік алдында сөйлеген сөздері енгізілген.
Н.Ә.Назарбаевтың жұртшылық алдында сөйлеген сөздері Президенттің ұлт көшбасшысы, саяси қайраткер, мемлекеттік құрылыстың ірі теоретигі және практигі ретіндегі саяси-философиялық көзқарастарының эволюциясы арқылы берілген Қазақстанның ең жаңа саяси тарихы бойынша құнды құжаттық дереккөз болып табылады. Оларда нақты тарихи оқиғалар бойынша да, мемлекеттік құрылыстың, әлеуметтік-экономикалық модернизациялаудың, ұлттық қауіпсіздіктің, халықаралық қатынастардың, мемлекетіміздің даму жолдары мен келешегінің проблемалары бойынша да, оның көзқарастары, пайымдаулары мен бағалаулары көрініс тапқан.
Жинақты Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков басшылық жасаған редакциялық топ әзірлеген. Жұмыс барысында аталған топ Президент Мұрағатының, Тұңғыш Президент Музейінің, Президент Әкімшілігінің қорларында бар елеулі архивтік құжаттардың ауқымын, стенограммалар мен басқа да материалдарды, сондай-ақ бұрын жарық көрген кітаптарды, республикалық және шетелдік баспасөздегі жарияланымдарды зерттеді.
Бұдан басқа, сөйленген сөздер мәтіндердің үлкен көлемін орыс тілінен қазақ тіліне аудару, сондай-ақ нақтылау және мемлекеттік тілдегі терминологиялық аппаратты айналымға енгізу жөнінде үлкен жұмыс атқарылды.
Материалдардың жиналуына қарай жинақты шығаруды бұдан былай жалғастыру жоспарланып отыр.
Бүгінде Кітапханада ауқымды кітапхана қоры қалыптастырылған, оның негізін электрондық-сандық басылымдар құрайды. Сонымен бірге, оқырмандардың Кітапхананың өз электрондық қорларымен қатар, әлемнің аса ірі электрондық кітапханаларына қол жеткізу мүмкіндіктері де бар. Олардың қатарында АҚШ Конгресінің кітапханасы, Оксфорд және Кембридж университеттерінің кітапханалары, Ресей мемлекеттік кітапханасы (Мәскеу қаласындағы бұрынғы В.И.Ленин атындағы кітапхана), т.б. білім қазыналары бар.
Барлығын қосқанда Кітапхана оқырмандары 13,5 миллионнан астам басылымдармен таныса алады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды