- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Қарулы Күштерге күзгі шақыру науқаны аяқталуда – Қорғаныс министрлігі
Қазақстанда Қарулы Күштерге күзгі шақыру науқаны аяқталуда – Қорғаныс министрлігі
«Әскерге шақыру мерзімі сөз жоқ, әскер жасындағы жастар үшін де, олардың ата-аналары үшінде қобалжу тудырады», – дейді Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Хамат Зиннатуллин.
Оның айтуынша «осы күзде тұтастай алғанда, сегіз жүзге жуық бозбаланы әскерге шақыру жоспарланған. Бұған дейін шақырылған жастарды біз қазан айында Қарулы Күштер мен Мемлекеттік күзет қызметіне, қараша айында ҰҚК Шекара қызметіне жөнелттік. Желтоқсанда шақырылушылар Ұлттық ұлан сапында қызмет атқаратын болады».
Бозбалалар қатаң іріктеуден өтеді. Бұл жерде олардың дене даярлығы мен білім деңгейі барынша сарапқа салынады. Шақыру комиссиясы әрбір шақырылушының ісін мұқият зерделейді. Олардың бәрі тиісті медициналық тексерістен, психологиялық және наркологиялық тестілеуден, әңгімелесуден өтеді.
Полковник Зиннатуллиннің айтуынша, «жоғары және арнайы орта білім бар, қайратты және төзімді, психологиялық орнықты, сотталмаған шақырылушыларға айрықша назар аударылады. Қазақстан әскеріне денсаулығы мықты, білімді, сауатты сарбаздар керек», дейді полковник Зиннатуллин.
Шақыру науқанын ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады. Қалалық шақырылушыларды жинақтайтын жиын пункті жатын орындарымен жабдықталған, жастар үшін үш мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған.
«Әскерге шақырылушылар бөлімдерге жүрер алдында әскери киім үлгісімен қамтамасыз етіледі. Бұл оларға азамат ретінде конституциялық борыштарын орындау үшін болашақ Отан қорғаушы мәртебесін береді», - дейді Хамат Зиннатуллин.
Әскерге шақыру жылына екі рет көктемде және күзде жүргізіледі. Шақыру науқанын жүргізу мерзімі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңымен, Мемлекет басшысының сәйкес Жарлықтарымен регламенттеледі.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті әскери басқару органдары арқылы жергілікті атқару органдары ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер