- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев: ЕАЭО-ны кеңейту интеграциялық бірігудің тартымдылығын қамтамасыз етеді
Б.Сағынтаев: ЕАЭО-ны кеңейту интеграциялық бірігудің тартымдылығын қамтамасыз етеді
Күн тәртібінде Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Келісім жобасына дайындық жайы қарастырылды.
«Қырғызстанның қосылуы туралы Келісім жобасы жалпы алғанда дайын. Жалпы экономикалық кеңістікті көбейтуден өзге Еуразиялық экономикалық одақты кеңейту интеграциялық бірігудің тартымдылығын, оған мүше мемлекеттер экономикаларының қосымша даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Бұдан басқа, құрылып отырған Еуразиялық экономикалық одақ органдарының тиімді қызметін қалыптастыруға бағытталған жекелеген шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, Одақтың 2015 жылғы бюджеті, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс тәртібі мақұлданды. Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастықты іске асыру және Одақ Сотының қызметімен байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер бойынша жалпы ұстанымы шығарылды. Бұл 2015 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді қызметінің басталуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өндірістік және агроөндірістік ынтымақтастығы аясында ақпарат алмасудың жекелеген мәселелері бойынша келісушіліктерге қол жеткізілді. Бұл келісушіліктер мемлекеттердегі өндірістік және ауыл шаруашылығы саясатын тиімді болжау және жоспарлауға мүмкіндік береді.
«Біз бүгінгі кездесуімізді табысты өткізіп, еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың көкейкесті мәселелері бойынша өзара тиімді шешімдерді таптық», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Жұмыс сапарының барысында Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ ресейлік әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді.
РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичпен болған кездесуде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы бойынша келіссөз үдерісінің мәселелері, сондай-ақ еуразиялық интеграция аясындағы ынтымақтастық жайы ортаға салынды.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті. Әңгімелесу барысында Байқоңыр кешенінің қызметі бойынша маңызды сұрақтар, соның ішінде «Байқоңыр» жобасын одан әрі іске асыру мәселесі қарастырылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары және Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары екі ел арасындағы ғарыш саласында екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктерін танытты.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Вакцина оразаға қалай әсер етеді -
М.Бекетаев: Қорғаушы пен прокурор құқығының теңдігі қамтамасыз етіледі -
Уролог дәрігер: коронавирус ер азаматтардың репродуктивті денсаулығына әсер етеді -
Р.Биғари: Мемлекет қаржысына алынған компьютерлерге білім басқармалары басымен жауап береді -
Қазақстан халқы толықтай сапалы ауыз сумен қашан қамтамасыз етілмек -
Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету қалай жүзеге асады -
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма -
АШ өнімдері қазақстандықтардың сұранысын толығымен қамтамасыз ете ала ма