- Басты
- Бас прокуратурада заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Бас прокуратурада заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Бас прокуратура хабарлағандай, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда есірткінің заңсыз айналымы ең өткір мәселелердің бірі ретінде қалып отыр. Бұл ең алдымен ауған есірткісінің тасымалдану дәлізінің еліміздің аумағы арқылы өтіп жатқандығымен байланысты.
Мемлекет тарапынан есірткі қылмысына тосқауыл қою жөнінен жүйелендірілген шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, есірткі саудасының жай-жапсарына тиімді және біртұтас мониторинг жүргізу жүйесін құруды және қылмыстық бизнеске тосқауыл қоюды көздейтін Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жүргізудің стратегиясы және оның Салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алайда мәселе әлі де өзекті күйінде қалып отыр.
Осылайша, есірткінің заңсыз айналымының көлемі артқан сайын оларды қолға түсіріп, жоюдың деңгейі төмендеп кетті, анықталатын қылмыстардың саны да күрт азаюда. Егер 2011 жылы 4,5 мыңға жуық қылмыс анықталған болса, биыл олардың саны үштен бірге, яғни 3160- қа дейін азайған.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері атап өткендей, қалыптасқан жағдай проблеманы терең талдауды, есірткі трафигіне қарсы күресте құқықтық құралдарды пайдалану және нақты шаралар қолдану жүйесін жандандыруды қажет етеді. Сондықтан да есірткі тасымалына қатаң тосқауыл қою, жедел-іздестіру қызметінің тактикасын қайта қарау, қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу сияқты батыл қадамдар жасауға басты назар аударылуы тиіс.
Кедендік бекеттерді есірткіні нақты анықтауға қажетті сапалы қондырғылармен жабдықтау, мемлекеттік шекараны нығайту шаралары кезек күттірмес міндеттер ретінде белгіленді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне осы мақсаттарға бөлінетін қаражаттың тиісті түрде игерілуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ Бас Прокурор трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою, халықаралық есірткі айналымына қатысы бар адамдар жөнінде ақпарат алмасу бойынша шекаралас мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты тереңдетудің өзектілігін атап көрсетті. Бұл тұрғыда Есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ортаазиялық өңірлік ақпараттық-үйлестірушілік орталығымен тығыз қарым-қатынас орнату – аталған шаралардың жүзеге асуына шынайы септігін тигізбек. Сонымен қатар, өзара құқықтық көмек көрсету шаралары аясында есірткі сатушыларды бірыңғай мемлекетаралық есепке алу базасын құру мүмкіндігін қарастыру мәселесі де талқыланды.
-
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады
-
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады
-
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады
-
ДСМ: «Биологиялық қауіпсіздік» заңы, медқызметтер тарифі және елдегі вакцинациялау мәселелері
-
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады
-
Азық-түлік бағаларын тұрақты ету үшін қабылданған шаралар
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар

