• Басты
  • Жаңалықтар
  • Табиғи монополиялар туралы заң жобасы кәсіпкерлік қызметіндегі әкімшілік кедергілерді азайтады – ҰЭМ

Табиғи монополиялар туралы заң жобасы кәсіпкерлік қызметіндегі әкімшілік кедергілерді азайтады – ҰЭМ

10 Желтоқсан, 2014 17:56
ҚР Парламент Мәжілісінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады ведомство.

«Мәжілісте халық қалаулылары тарапынан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда оң бағасын алды», - делінген хабарламада.

Келісім тараптардың азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, апат немесе өзге де зілзала жағдайында ерікті және өзара көмек көрсету жөнінде мамандарды оқыту саласындағы өзара іс-қимылын айқындайды.

Құжаттың мақсаты – тариф белгілеу процесі мен табиғи монополиялар субьектілері қызметінің ашықтығын жоғарылату, табиғи монополиялар субьектілерінің инвестициялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, негізсіз шығындарды болғызбау және тарифтік рәсімдерді оңтайландыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, өтінімдерді қарау және уәкілетті органның шешімдер қабылдау рәсімдерін оңайлату. Заң жобасына Мәжіліс депутаттары тарапынан көптеген өзгерістер енгізілді.  

 

 

Барлық жаңалықтар