- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА жанындағы журналистер клубы 4 халықаралық семинар ұйымдастырды
ҚХА жанындағы журналистер клубы 4 халықаралық семинар ұйымдастырды
Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмасы бойынша құрылған. Клуб үздіксіз жұмыс істейтін консультативті-сараптамалық алаң болып табылады. Ол БАҚ-тың толеранттылықты нығайтудағы, этносаралық, қоғамдық келісімді және азаматтық бірлікті сақтаудағы ынталарын ұйыстыруға жәрдемдеседі.
«Мен кез келген уақытта Елбасының жоғары сезімталдығын еске салып отырамын. Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында Президент Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубын құру туралы айтты. Мен кәсіби журналист ретінде бұл оқиғаны қадағалап отырдым, осыдан кейін 5 айдан соң, Ассамблея хатшылығы журналистер мен сарапшылар клубын құрды», - деді А.Идигов.
Өз қызметі кезінде Клуб 4 халықаралық семинар ұйымдастырды, атақты отандық және шетелдік журналисттер мен масс-медиа саласындағы зерттеушілерді тарта отырып, қазақстандық БАҚ үшін 7 мастер-класс өткізді.
«Клуб мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, этносаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстарды әзірлейді; этносаралық сипаты бар тақырыптарды дұрыс мазмұндау бойынша БАҚ үшін ұсынымдар әзірлейді», - деді ол.
Айта кетейік, клубтың құрамында республикалық және өңірлік БАҚ-тың этносаралық тақырыпқа жазатын 22 журналист пен этносаралық қатынастар саласындағы сарапшы бар.
Индира Кауметова
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды