• Басты
  • Қазақстанда ҚХА-ның жаңғыртылған ресми интернет-ресурсы таныстырылды

Қазақстанда ҚХА-ның жаңғыртылған ресми интернет-ресурсы таныстырылды

10 Желтоқсан, 2014 13:29
Сайт соңғы жаңашылдықтармен толықтырылып, бағдарламалардың жаңа нұсқаларымен жаңғыртылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Казконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшім мәлімдеді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының интернет-ресурсы assembly.kz доменінде орналасқан. Сайт бүгінгі дизайн және интернет-ресурстарды жасау, оның контенті мен құрылымына қойылатын талаптарға сай жаңартылып жасалды. Портал үш тілде жұмыс істейді. Сондай-ақ, сайттың интерфейсінде көзі нашар көретін адамдарға арналған нұсқа қарастырылған.Интернет-портал ҚХА-ның 16 өңірлік филиалы үшін бірегей платформа функциясын атқарады. Сайттың басты беті бірнеше функционалдық аймақтан тұрады», - деді Н.Әшім.

Н.Әшім айтып өткендей, дәйексөздер бөлімі, сайт бойынша іздеу, тіл таңдау, көзі нашар көретіндер үшін бөлімге өту және сайттың әлеуметтік желілердегі парақшаларына өту нұсқалары орналасқан.

«Екінші функционалдық аймақ сайттың навигациясының бас мәзірінен тұрады. Мұнымен қатар, мұнда арнайы жобалар парақшасына өтетін графикалық баннер ақпараттық блогы орналасқан. Бұған қоса, жаңалықтар блогы мен аймақтық жаңалықтар бар», - деп атап өтті Нартай Қасымжанұлы.

Ол атап өткендей, үшіншісінде, ҚХА төрағасының және оның көмекшілерінің бөлімі орналасқан. Бұл бөлімде төраға және қызметкерлер туралы анықтамалық-биографиялық ақпарат бар. Сайттың сол жағында ресми құжаттар және аймақтық ҚХА-ның мәзірлері орналасқан. Әр аймақ үшін бөлек сайттар бірдей стильде және құрылымда жасалған.

Оның айтуынша, сайттың мультимедиялық бөлімінде ҚХА-ның іс-шаралар күнтізбесі, фото және видео галереясы орналасқан.

«Тағы бір маңызды жайт, портал пайдаланушыларымен тұрақты жұмыс жүргізу үшін кері байланыс мүмкіндігі де қарастырылған.  Барлық мәтіндік материалдарды pdf және epub форматтарында жүктеуге мүмкіндік жасалған. Интернет аудиториямен жұмыс істеу мақсатында негізгі әлеуметтік желілерде аккаунттар ашылған», - деді ол.

Айта кетейік, сайтты мобильдік құралдарда, планшеттер мен смартфондарда да қолдануға болады.

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар