- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада кірістердің интеграция мәселелері мен салық және кеден қызметтері саласындағы шетел тәжірибесі талқыланды (Фото)
Астанада кірістердің интеграция мәселелері мен салық және кеден қызметтері саласындағы шетел тәжірибесі талқыланды (Фото)
Конференцияға қатысушылар АТ жабдығы мен бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты кеден қызметін дамыту жобасы (КҚДЖ) мен салықтық әкімшілендіруді дамыту жобасы (СӘДЖ) арасында айқындалуы мүмкін әрекеттердің мәселелерін талқылайды.
Бұл жобалардың интеграциясы Дүниежүзілік банктің сарапшылары командасының техникалық қолдауымен өтеді.
Дүниежүзілік банктің беретін кеңесінің маңызын қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өзінің кіріспе сөзінде атап өтті. Ол белдің басты бағыты Елбасының өзінің «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Жолдауында айқындап берген, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау болып табылатындығын баса айтты. Бірыңғай комитетті құру бизнес үшін қолайлы ортаны жасауға, әкімшілік тосқауылдарды азайтуға мұрша береді. Бизнесті жүргізу үшін өзі шығындарды азайту, рәсімдерді оңайлату, бірыңғай дербес шоттарды біріктіруден тұратын жеңілдету процесі тұрақты түрде жүргізілуде. Салық және кеден органдарын бір мекемеге біріктірумен байланысты фискальдық реформа әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру – бақты мақсатқа жетуге бағытталған.
Конференцияға қатысушыларға бірқатар ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыру туралы ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин айтып берді. Ол бүгіндері Комитеттің құрылымы мен штат санының бекітілгенін, мемлекеттік кірістерді әкімшілендіруді одан әрі ырықтандыру мен жетілдірудің қысқа және ұзақ мерзімді кезеңге арналған жұмыстың бағыты, мақсаттары мен басымдықтарының айқындалғанын хабарлады.
Осы іс-шараларды іске асырудың әзірлігі кезінде алдымызда нақты мақсат тұрды – ол бизнеске әкімшілік арытпалықты азайта отырып, мемлекеттік кірістердің артуын қамтамасыз ету мақсатында таңдаулы шет ел тәжірибесін ескере отырып, фискальдық ведомстволарының интеграция мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау болатын.
Фискальдық ведомстволарының интеграциясы - халықаралық практиканы зерделеудің, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің даму мәселелерін қоса алғанда, ҚР ҚМ МКК қызметінің ішкі және тысқы ортасының ұтымдылығы жөніндегі мәселелерді шешудің қосымша мүмкіндігі болып табылады.
Комитетті құрған сәттен жұмысты ұйымдастырудың нақты міндеттері қойылды, ол жұмыстағы ұстанымдарды тамырымен қоса өзгертіп, қызмет тиімділігін арттырып және қызметтерді көрсету барысында «клиентке бағытталған» ұстанымға көшумен және тиісінше заңнаманың орындау еріктігін арттыруды топшылайды.
Конференция екі күнге жалғасады, ал оған қатысушыларды пәрменді жұмыс күтіп тұр, оның нәтижесі нақты заңнамалық және ұйымдастырушылық бастамалармен тоғыспақ.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері