Шымкентте жыл соңына дейін 8 тұрғын үй пайдалануға беріледі

10 Желтоқсан, 2014 15:39
Шымкентте тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында биылғы жылы бюджет қаржысы есебінен 4,7 млрд. теңгеге 3 364 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Оның ішінде осы  жылы 629 пәтерлі 11 тұрғын үй пайдалануға берілсе, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ 1080 пәтерлі 15 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде.

Сонымен қатар, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту 2020» бағдарламасының шеңберінде 34 көқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 211,0 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.  

Барлық жаңалықтар