- Басты
- Жаңалықтар
- Заң түпнұсқасы мемлекеттік тілде қабылданбай, қазақ тілі кең қолданыс таппайды - Озғанбаев
Заң түпнұсқасы мемлекеттік тілде қабылданбай, қазақ тілі кең қолданыс таппайды - Озғанбаев
«Тәуелсіздіктің жиырма үш жылында мемлекеттік тілдің мерейін өсіретін ауқымды шаралар қолға алынып, әлі де талай жұмыстар атқарылуда.Алысқа бармай-ақ кешегі Целиноград пен бүгінгі Астананы салыстырып қарайтын болсақ, айырмашылықтың жер мен көктей екенін көреміз. Осы тұрғыда қазақ тілді мектептер санының артып келе жатқанын да айта кету керек. Бұдан бөлек қазақ тілді БАҚ пен мемлекеттік тілде сөйлейтін орта да қалыптасты. Мұның барлығы қалыптасқан мемлекетіміздің қалыптасқан тілін көрсетеді», - дейді профессор.
Сонымен қатар, Өмірзақ Озғанбаев Елбасының Ұлытаудың баурайында берген сұхбатында кімнің қай мінберден мемлекеттік тілде сөйлеймін десе де ешкімнің қой демейтінін айтқанын еске салды.
«Қазіргі таңда басты нәрсе қазақ пен қазақтың ана тілдерінде сөйлеуі. Ал халық болып мемлекеттік тілде қолдау үшін жоғары жақтан нақты шаралар түріндегі қолдау керек. Парламентте қабылданатын халықаралық және мемлекеттік деңгейдегі заң жобалары мемлекеттік тілде қабылданбайынша, қазақ тілі дамып, халық арасында кеңінен қолданыс таппайды», - деп түйіндеді сөзін тарихшы.
Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде 95 мемлекеттік тіл бар. Жер бетіндегі 7 мыңнан астам тіл болса, қазақ тілі тұтыну деңгейі бойынша алғашқы 60 тілдің қатарына кіреді.
Бауыржан Мұқанов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»