• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды

Елбасы Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды

10 Желтоқсан, 2014 09:48
Мемлекет басшысы «Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Барлық жаңалықтар