ШҚО-да «Кемеңгер Абай, бірегей Абай» олимпиадасы өтті

9 Желтоқсан, 2014 18:18
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ЖОО-ның барлық мамандықтарының бірінші және екінші курс студенттерінің «Кемеңгер Абай, бірегей Абай» атты жалпыуниверситеттік студенттік олимпиадасы өтті, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Шараны  «Абай және ХХІ ғасыр» Халықаралық клубының Шығыс аймақтық орталығы ұйымдастырды.

 «Абай және ХХІ ғасыр» Халықаралық қоры Шығыс аймақтық орталығының жетекшісі Лаура Әбдіғалиева атап өткеніндей, олимпиада мақсаты – ұлы ақын мен ойшыл, қайраткер Абай Құнанбаевтың мұрасын терең зерттеу, техникалық мамандықтағы студенттердің гуманитарлық қызметін белсендірек ету және олардың арасынан шығармашылыққа икемді, ой-өрісі кең, белсенді жастарды табу.

Барлық жаңалықтар