- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды (Фото)
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды (Фото)
Түзету орталығы «Дара» қайырымдылық қоры, Ақмола облысының, Көкшетау қаласының әкімшілігі және білім басқармасынының қолдауымен ашылады: «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз! Біз инклюзивтікті қоғамды қолдаймыз!» атты жоба шеңберінде жүзеге асырылады.
Жоба инклюзивтік қоғамды дамыту мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бағытындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатына сәйкес жүргізіледі. Жобаның бас әріптесі - «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
Психологиялық-педагогикалық түзету орталығында 0-7 жас аралығында мүмкіндіктері шектеулі балаларға тегін, сапалы, кешенді қызмет көрсетіледі. Түзету кабинетінде түзете-дамыту арқылы қолдау көрсететін мамандар жұмыс істейді: педагог-психолог (эмоциялық және интеллектуалдық дамуындағы кемістіктерді), мұғалім-дефектолог (танымдық ортадағы проблемаларды), мұғалім-логопед (сөйлеу қабiлетi бұзылғандарды), әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған). Даму мүмкіндігі шектелген балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау үшін «Отбасылық сағат» ұйымдастырылады.
Түзету орталығында барлық нормативтер бойынша кедергісіз орта ұйымдастырылған: пандус, ойылған есіктер, тұтқалар бар, кедергі келтіретін табалдырық жоқ. Кабинет заманауи оңалту құралдармен, Монтессори материалдарымен жабдықталған. Сонымен қатар, «Дара» қоры жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған балаларды тасымалдау үшін инватакси тарту етті.
Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагин, Көкшетау қаласы әкімінің қызметін атқарушы А.Х.Смаилов, Көкшетау қаласының әкімшілігінің өкілдері, «Самұрық- Қазына» ӘАҚ» АҚ, «Дара» қайырымдылық қорының өкілдері, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары, арнайы түзету мектеп-интернаттарының директорлары, психологиялық-медециналық-педагогикалық кеңесінің меңгерушілері қатысты.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды