- Басты
- Жол индустриясын дамыту 200 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды – Озғанбаев (Видео)
Жол индустриясын дамыту 200 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды – Озғанбаев (Видео)

«1997 жылдан бері Президенттің барлық Жолдауына дерлік қатысып келе жатырмын. Сол жылы Елбасы 2030 Стратегиясын жариялаған еді. Оның мазмұны Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі еді. 2012 жылы осынау мақсат мерзімінен бұрын орындалып, енді елді жаңаша жұмылдыратын үлкен мұрат ретінде 2050 Стратегиясы жарияланды. Стратегияға сай, мемлекетіміз енді дүниенің дамыған 30 елінің қатарына кірмек. Осы бағытта қазіргі ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі биылғы Мемлекет басшысының қабылдаған «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты. Бұл бағдарлама қазіргі таңдағы ел алдындағы барлық мақсат-мұраттарды жіктеп-жіліктеп, оларды іске асыру жолдары мен оған қажетті қаражаттың көлеміне дейін нақтылап берген жоба болды», - дейді Ө.Озғанбаев.
Осынау жоба бойынша, ел астанасын еліміздің барлық өңірімен байланыстыратын үлкен жолдар жүйесі өмірге келеді.
«Мысалға, күні кеше ғана үлкен жоба ретінде Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл темір жолы тартылды. Бұлардың басты ерекшелігі, баяғыдай елді Мәскеумен байланыстыратын емес, енді облыстар арасына байланыс құратын көлденең жолдар болмақ. Осының арқасында көптеген елді-мекендер пайда болды. Бұл жалпы елдегі жол индустриясының бойына қан жүгіртпек. Бұның өзі 200 мыңнан астам адамға жұмыс орнын тауып береді», - дейді тарихшы.
Бауыржан Мұқанов
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім
-
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
-
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
-
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қандай
-
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс
-
Елорданың дамуы: Қаланы абаттандыру, инвестиция, тұрғын үй, жол мәселелері
-
Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі
-
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар

