• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодарда 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 36,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Павлодарда 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 36,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

9 Желтоқсан, 2014 16:18
Павлодарда 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 36,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша пайдалануға берілген үйдің 119%, деп қалалық әкімдіктен хабарлады.

Қалада 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 36,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2013 жылы 30,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша пайдалануға берілген үйдің  119%.

Қазіргі таңда мемлекеттік қабылдау және жұмыс комиссиясы тағы екі тұрғын үй бойынша жұмыс істеуде, олардың көлемі 14,8 мың шаршы метр.

Бұдан басқа әкімдіктен хабарлағандай, көлемі 11,8 мың шаршы метр екі тұрғын үйді мемлекеттік қабылдау дайындалуда.

Барлық жаңалықтар