- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазМұнайГаз» инвестициялық бағдарламасына өзгеріс енгізеді– Мыңбаев
«ҚазМұнайГаз» инвестициялық бағдарламасына өзгеріс енгізеді– Мыңбаев
«Мұнай бағасының құлдырауына байланысты компания бюджеті айтарлықтай азаяды. Біздің компания артығымен қор жинап алған еді. Оны «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тарапынан мақұлдаттық та. Қазір біз бюджетті қайта есептейміз. Өздеріңіз де білесіздер, мұнай бағасының түсуіне байланысты біз инвестициялық бағдарламаны қайта қараймыз», - дейді Мыңбаев.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, инвестициялық бағдарламалардың қысқартылуы селективті сипатта болмақ. «Белгілі бір деңгейде қысқартулар болғанымен, жұмыс істеп жатқан өндіріс орындарын қолдауды шет қалдырмаймыз», - дейді.
Өз кезегінде компанияның баспасөз қызметі жедел мәліметтер бойынша, биылғы жылдың 10 айында мұнай мен газ конденсаттарының өндіріс көлемі 18 599 мың тоннаға, газ өндірісі 3 868 млн текше метрге жеткенін хабарлайды. Бұл жылдық жоспардан 5 пайызға артық екенін көрсетеді. Ал мұнай тасымалы 51 147 мың тоннаға жетіп, жоспардан 3 пайызға азайған.
Сонымен қатар, есептік кезеңдегі теңіз бойынша мұнай тасымалы 8 084 мың тоннаны құрады. Бұл жылдық көрсеткіштен 9 пайызға артық. Магистральді газ құбыры бойынша газ тасымалы болса, 86 663 текше метрді құраған. Соның ішінде халықаралық тасымал 65 485 млн текше метрге жеткен. Қазақстанның ішкі нарығына қажетті 11 699 млн текше метр газ қамтамасыз етілсе, сыртқа сату көрсеткіші 9 479 млн текше метр.
Айта кету керек, 2014 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мұнай өңдеу көлемі 12 393 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 6,5% артық.
Индира Қауметова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады