• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Монако княздігіне ресми сапары аясында жетекші инфрақұрылымдық компаниялар басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Монако княздігіне ресми сапары аясында жетекші инфрақұрылымдық компаниялар басшыларымен кездесті

27 Қыркүйек, 2013 16:27
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монако княздігіне ресми сапары аясында жетекші инфрақұрылымдық компаниялар басшыларымен кездесу өткізді

Кездесуге Swissport Internationai компаниясының президенті, басқарма төрағасы П.Утнегард пен Flughafen Zurich AG компаниясының қаржы жөніндегі вице-президенті Д.Шмукки қатысты.

Әңгімелесу барысында еуразиялық көлік инфрақұрылымы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан әуежайларын дамыту және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Кездесу аясында әуежайлар желісін басқару жөнінде бірлескен кәсіпорын құру жөнінде меморандумдарға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

Swissport Internationai – жерүсті қызметін ұсынатын, 38 елдің 192 әуежайымен байланыс жасайтын әлемдегі жетекші компания.

Flughafen Zurich AG – Цюрих қаласы әуежайының иесі әрі операторы, сондай-ақ бүкіл әлемнің өзге де 10 әуежайын басқаруға қатысады.  

 

Барлық жаңалықтар