- Басты
- Жаңалықтар
- ШЫҰ қатысушы елдер Жібек жолы мәдени форумы аясында ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ШЫҰ қатысушы елдер Жібек жолы мәдени форумы аясында ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Жібек жолы мәдени форумын өткізу туралы келісімге ағымдағы жылы қыркүйек айында ҚР мәдениет және спорт министрі ҚХР мәдениет министрлігі Ұлттар істері бойынша қорының хатшысымен кездесу барысында қол жеткізген болатын.
«Аталмыш шараға демеушілік еткен компанияның өкілі ретінде Қазақстанға үлкен алғысымды білдіремін. Ол бізге аталмыш форумды Астанада және Ұлттық музейде өткізуге мүмкіндік берді. Тек сіздердің қолдауларыңыздың арқасында, ШЫҰ қатысу елдердің қолдауының арқасында аталмыш игі шара өткізілуде», - деді Қытай Жібек жолы қорының басқарма төрағасы, «Синьао» корпорациясының вице-президенті Цзинь Юншэна.
Айта кетерлік жайт, Жібек жолы мәдени форумы халықаралық мәдени байланыстардың мемекеттік емес платформасы болып табылады.
Қытай Жібек жолы қорының басқарма төрағасы, «Синьао» корпорациясының вице-президенті Цзинь Юншэна атап өткендей, өткен жылдың қыркүйек айында Назарбаев университетінде ҚХР Төрағасы сөз сөйлеп, жібек жолы экономикалық белбеуін жасақтау туралы мақсаты жайлы айтқан болатын. «Ол (жібек жолы экономикалық белбеуі) мәдени ынтымақтастыққа толы болуы тиіс. Біздің пайымымызша, форумдағы мәдени қарым-қатынас мәдени ынтамақтастықты жаңа жоғары деңгейге шығарады», - деп атап өтті ол.
Жалпы, форумға ірі мұражайлар мен театрлардың басшылары, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, белгілі саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері ШЫҰ мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері шақырылды. Форумның жұмысы үш күнге созылады.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты