• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰКП мен Қостанай облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҰКП мен Қостанай облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

9 Желтоқсан, 2014 12:48
Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мен әкімдігі өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша байланысты нығайтуға келісті, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Палата директоры Мұрат Әбенов пен облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовтың қол қойған құжаты атқарушы билік пен бизнес арасындағы тиімді диалогтық алаң қалыптастыру арқылы бірлескен шараларқы қолға алуға бағытталған.

Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, меморандумға сай, жалпы құрамда кемінде 50 пайыз шамасында бизнес өкілдерінің қатысуымен әкімдік пен басқармалар жанындағы кеңес беру-ақылдасу органын құрып, бақылаушы ретінде мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жер комиссиясы мен комсииялар жұмысына кәсіпкерлерді қатыстыру қарастырылуда.

«Ұлттық палата мен мемлекеттік органдар арасында ешқандай да қайшылық болған емес және болмайды да. Кәсіпкерлікті дамыту мәселесіндегі әлеуетті арттыратын болсақ, бұдан да үлкен жетістіктерге жететініміз анық. Палатаның жұмыс істеген бір жылы ішінде айтарлықтай нәтиже мен жетістіктерді көзіміз көрді. Осы орайда кәсіпкерлікті дамытуда алға жылжи береміз», - дейді Қостанай облысы әкімі Нұралы Сәдуақасов.

Барлық жаңалықтар