ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі бос жұмыс орнына байқау жариялады

9 Желтоқсан, 2014 15:18
ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігі әкімшілік қызметтер мен құқық қорғау қызметін атқаратын қызметтерге байқау жариялады.

Агенттіктен хабарлағандай, байқау бірнеше кезеңнен тұрады.

«Үміткерлер тестілеу, заңнаманы білу, медициналық бақылау және сұхбаттасудан басқа құқық қорғау қызметіне үміткерлердің жеке кабілеттері бағаланып, олар  полиграфологиялық зерттеуден өтеді», - делінген хабарламада.

Толықтырып өткендей, құжаттарды қабылдау бес жұмыс күні жүргізіледі.

«Құжаттар қолма-қол және электронды пошта арқылы қабылдана береді (Астана қаласы С.Сейфуллин көшесі  37 үй немесе e-mail@anticorruption.gov.kz)», -деп ведомстводан хабарлады.

Сонымен қатар үміткерлермен бірге полиграфологиялық зерттеуден байқаудан тыс жұмысқа қабылданғандарда  өтеді. 

Барлық жаңалықтар