- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаһандық ядролық қарусыздануда батыл қадамдарға шақырады
Қазақстан жаһандық ядролық қарусыздануда батыл қадамдарға шақырады
ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, екі күндік конференцияда денсаулыққа, қоршаған ортаға, әлеуметтік-экономикалық дамуға, климатқа, азық-түлік қауіпсіздігі мен өзге де салаларға ядролық қарудың тигізер зияны айтылмақ.
Шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, СІМ қызметкерлері мен Австриядағы Қазақстан елшісі – Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай бастаған АТОМ жобасы өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация қатысуда. Өз сөзінде қазақстандық делегация өкілдері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану және оны таратпау саласындағы бастамалары туралы баяндап, қазіргі таңда еліміздің жаһандық ядролық қатерді жоюдағы алдағы батыл қадамдар қабылдау қажеттілігі туралы өзінің ұстанымын да жариялады.
Конференцияда Семей ядролық полигонын жабудағы еліміздің тарихи рөлі мен тәуелсіз Қазақстан халқына ядролық қатердің жойылуы туралы әңгіме өрбіді. Өздеріңізге де белгілі, полигонның жұмыс істеген 40 жылы ішінде шамамен 500 шақты әуе, жер және жер асты ядролық сынақтары жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті халық айтарлықтай зиянға ұшырап, аталмыш өңір радиоактивті зиян шекті. Семей полигонының жабылуы Нұрсұлтан Әбішұлының жаһандық ядролық қарусыздануға қосқан үлкен үлесі болды.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшысы Виктор Рогалев жергілікті парламентарияның ұйымдастырған «Бейбітшілік жолындағы парламентария, ядролық қаруланудан ада» атты дөңгелек үстеліне қатысып, сөз сөйледі.
Сонымен қатар, конференция аясында АТОМ жобасы құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтың суреттер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Оның басты тақырыбы Қазақстанның ядролық қарусыздану тарихына арналған. Шарада сөз алған Күйіков ядролық қару мен оның адамзат баласына берер зардабы туралы айтып, АТОМ жобасының осы жолда әлемге берері туралы тілге тиек етті.
Естеріңізге сала кетейік, АТОМ жобасын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш болып көтеріп, 2012 жылдың 29 тамызында жариялаған еді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру