- Басты
- Жаңалықтар
- ЮНЕСКО-да Қазақстанның мәдени жетістіктері аталып өтті
ЮНЕСКО-да Қазақстанның мәдени жетістіктері аталып өтті
МСМ хабарлағандай, жұмыс кездесулері аясында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы ЮНЕСКО халықаралық ұйымының бас директоры И. Боковамен кездесіп, Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияны басқарған қазақстанық мәдениет министрі және халықаралық ұйымның басшысы Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның ғылым, мәдениет, мәдени құндылықтар, жаңа технологиялар мен коммуникация салаларындағы ынтымақтастығын талқылады. Сұхбаттасу барасында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту тұрғысында ортақ тіл тапты», - делінген хабарламада.
Бокова ханым Қазақстанды жаңа жетістіктері мен және қазақтың күйі мен киіз үйін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени құндылықтар тізіміне енгізілгенімен құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени құндылықтарды қорғау комитеті адамзаттың материалдық емес мәдени құндылықтары тізіміне он әлементті қосты. Оның ішінде қазақ домбырасында әуелетіп күй орындаумен қатар, қазақ, қырғыз және түркі тілдес көшпенділердің киіз үйді жинау және жасау үлгілері енгізілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі