- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Әлемді өзгертетін идеялар» байқауы өтті
Қазақстанда «Әлемді өзгертетін идеялар» байқауы өтті
«Сайыс «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты республикалық мектеп-интернаттары арасында өткізілді. Мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының идеялары мен бастамаларын зерттеп, білім беру барысында инновациялық тұрғыда қолдану», - делінген хабарламада.
Байқауға елдің барлық облыстарынан 54 оқытушы қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітаптары бойынша әдістемелік зерттеулерін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Баян Төлебаева жеңімпаз атанды (Павлодар қ. химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі тарих пәнінің мұғалімі). Екінші және үшінші орындар — Арайлым Мағзұмова (Орал қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі тарих пәнінің мұғалімі), Жанар Жүргенбаева (Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы қ. республикалық әскери мектеп-интернаты химия пәнінің мұғалімі).
Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өкілдерінің қатысуымен өтті. Байқау жеңімпаздарына және номинаттарына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады