• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Үндістан қорғаныс саласындағы байланыстарды дамытуда (Фото)

Қазақстан мен Үндістан қорғаныс саласындағы байланыстарды дамытуда (Фото)

9 Желтоқсан, 2014 09:02
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Үндістанға ресми сапары шеңберінде осы елдің Қорғаныс министрі Манохар Парикармен кездесті, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

«Үндістан тарапының шақыруы бойынша өткен кездесу барысында генерал-полковник С. Жасұзақов «әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыту екіжақты қарым-қатынастардың маңызды бағыты болып табылады» деп атап өтті», - делінген хабарламада.

Тараптар, сондай-ақ, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін де талқылады.

Үндістан Қарулы Күштері Біріккен қорғаныс штабының бастығы авиация маршалы Почан Прасад Реддимен кездесуде өңірлік және ғаламдық қауіпсіздік, жедел және жауынгерлік даярлық бойынша бірлескен іс-шаралардағы өзара іс-қимылдарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Генерал-полковник С. Жасұзақов ынтымақтастықтың маңызды бағыты қатарында қазіргі заманғы жауынгерлік іс-қимылдарда рөлі артып отырған арнайы мақсаттағы күштердің бөлімшелері арасындағы байланысты кеңейтуді атады.

Барлық жаңалықтар