- Басты
- «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты қазақстандықтар белгілеген құндылықтарды зерттеді
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты қазақстандықтар белгілеген құндылықтарды зерттеді

2014 жылдың қарашасында Институт қазақстандықтар белгілеген құндылықтардың алғашқы өлшемін жасады. Зерттеу респонденттердің тұрғылықты мекенжайы бойынша дербес нысандандырылған сұхбат (Face-to-face) тәсілімен өткізілді. Сауалнамаға республикамыздың барлық өңірлерінің қалалары мен және ауылды жерлерінің тұрғындары, жас мөлшері 18 - ден асқан 1600 адам қатысты. Таңдауды жасау барысында өңірлердегі қалалар мен ауылдардағы тұрғындардың құрылымы, сондай-ақ, жынысы, жасы мен ұлты ескерілді.
«Қоғамдық саясат институтының нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық қоғам дәстүрлі құндылықтарға бағдарланған болып отыр. Шамамен респонденттердің 85% отбасылық және дінмен қабылданған салт пен дәстүрді сақтаудың жеткілікті екенін айтады. Сұралғандардың көпшілігі өз өмірі үшін мыналарды маңызды санайды: денсаулық, қауіпсіздік пен бала тәрбиесі. Өз отбасына сенетіндердің үлес салмағы басым - 98% астам», - деп атап өтті зертеуді таныстыру барысында Қоғамдық саясат институтының әлеуметтік бағдарламаларының үйлестірушісі Салтанат Ермаханова.
«Ортақ құндылықтар біз үшін - саналуандылықтағы ынтымақ, ол әр адамның құқын сыйлау ғана емес, өзіндік ерекшелігіңді сақтап қалу да, сондай-ақ, бүгін мен болашақ үшін өзара жауапкершілік те. Мемлекет басшысының атап өткеніндей бүгінгі біздегі салтанат құрған бейбітшілік пен келісім - аға ұрпақтың қажымас қайратының нәтижесі. Бірақ бүгін жас қазақстандықтардың да қол жеткізген құндылықтарды қастерлеп, қазіргі ұлтаралық және конфессияралық қатынастарымыздағы бар ол тәжірибені одан әрі байытқаны абзал», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі Ахмед Мурадов.
Шара барысында сондай-ақ, мемлекет пен қоғамның, білім беру институттарының, БАҚ пен коммерциялық емес және діни ұйымдардың өнімді құндылықтарды нығайту мен дамутудағы жүйелі іс-қимылының қажеттілігін атап өтті. Сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің пікірінше, жастарды дәстүрлі рухани және отбасылық құндылықтар рухында баулуға, жауапкершілікке, ынтамаққа, төзімділікке, заңды құрметтеуге тәрбиелеуге ерекше ықылас бөлінуі тиіс.
«Өкінішке қарай, бүгінгі күні де 90-шы жылдардағы идеологиялық вакуум, арқаулы құндылықтардың құлдырауы болған кездегі жаңғырықтар сезіліп қалады. Сондықтан да ғаламдық дағдарыстарға алаңдаудың алдында, сыртқы әсерден тиімдірек жұмыс істеуі ықтимал қоғамның «өзін-өзі сақтауының» пайдалы механизмдерін құруға назар аудару маңызды. Қазақстандық қоғамның жылдам өзгеріп жатқанын түсіну қажет. Ол қазір белгілеген құндылықтары мен саяси мәдениеті жағынан да басқа қоғам», - деп атап өтті сөйлеген сөзінде Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек.
Қоғамдағы құндылықтар өлшемінің құралын жасай отырып, кейіннен көптеген қолданбалы мәселелер бойынша ғылыми негізделген кеңестер беруге болады: саяси мәдениет, экономикалық белсенділік, кәсіпкерлік, инновациялық мәдениет және т.б. Осылайша еліміздегі қоғамдық үдерістерді түсінудің жаңа деңгейіне шығуға болады.
Индира Қауметова
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады»
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
Қазақстандықтар балкондарға туды ілді
-
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

