• Басты
  • ШҚО колледждерінде дуальды оқыту жүйесі аясында тәжірибелік оқу жоспары дайындалды

ШҚО колледждерінде дуальды оқыту жүйесі аясында тәжірибелік оқу жоспары дайындалды

8 Желтоқсан, 2014 15:51
Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім беру басқармасы өңірдегі 11 колледжде дуальды оқыту жүйесін енгізудің жол картасын іске асырудың аралық нәтижесін талқылады.

«Техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарының оқу және оқыту-өндірістік жұмыс бойынша директорлар орынбасарларына арналған семинарда өңірлік кәсіпкерлер палатасы аталмыш жобаны іске асыру бойынша өздерінің іске асыру тетіктерін ұсынды. ӨКП сарапшылары тәжірибеге енген колледждерге қолдау көрсету тәжірибелерімен бөлісті», - деп хабарлайды палата.

Хабарламада айтылғандай, ШҚО КП адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшылары мен кәсіпорындар өкілдерімен бірлесе колледждердің дайындаған тәжірибелік оқу жоспарларына енгізілген өзгерістердің таныстырылымы үлкен қызығушылық тудырып, талқыға түсті.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстың техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарындағы «Кәсіпкерлік қызметтердің негіздері» пәні бағдарламасын енгізу мен кәсіпкерлік және өз ісін бастау мәселелерін енгізуді қарастырып отыр. Қос колледж өкілдері бағдарламаға өзгерістер енгізу тәжрибелерімен бөлісті.

«Өз кәсібін ашу бойынша кәсіпкерлерді баулу, салық органдарымен бірлесе жұмыс істеу, бизнес жоспарын құру, менің ойымша, әр колледж студенті үшін басты дүниелердің бірі. Бұл өңірдегі кәсіпкерлікті дамытпақ», - дейді колледж оқытушысы Ольга Заграничная.

Барлық жаңалықтар