- Басты
- Жаңалықтар
- Германияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті
Германияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті
«Қазақстандықтарды ұлттық мейраммен құттықтауға 1000-нан аса қонақ, оның ішінде: ГФР-дың көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлері, Бундестаг, ландтаг депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық корпус, БАҚ, қазақ диаспорасы, студенттер, сонымен қатар Германияның іскер топтарының өкілдері келді», - делінген хабарламада.
ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов өз баяндамасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елімізде атқарылып жатқан негізгі жетістіктер мен табыстарға тоқталды. Қазақстандық дипломат аудиторияға Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясатының мақсат-міндеттерімен егжей-тегжей таныстырып, осы құжат негізінде әлеуетті ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіледі.
Елші Елбасының 2012 жылы ақпан айында Берлинде ГФР Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен жүргізген келіссөз нәтижесінде қол жеткізген шикізат, технологиялық, өнеркәсіптік салаларда екіжақты Келісімнің жүзеге асуы туралы әріптестікте, ҚР-да неміс тәжірибесінің дуалды білім жүйесін енгізуге, сонымен қатар тағы басқа да келісімдердің орындалуына белсенді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытып отырған Германия өкілдеріне ризашылығын білдірді. Екіжақты қатынастың барлық кешеніне жақын арада ГФР-дың сыртқы істер министрі Ф.-В.Штайнмайердің Астанаға сапарының тәжірибелік әсері болғаны ескерілді.
Кеш барысында германдық әріптестер екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастығының жоғары потенциалын атап өтіп, Қазақстан халқына алдағы уақытта тұрақтылық және өркендеу тіледі. Жиналған қонақтар біздің еліміздің халықаралық аренада беделінің, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқыны артып келе жатқанын, сонымен қатар «G-Global» және «АТОМ» секілді Қазақстан ұсынған ірі сыртқы саяси бастамалардың өзектілігін және тәжірибелік бағытын атап өтті.
Салтанатты кешке қазақстандық сахнаның жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина ұлттық нақыш сомдап, дәстүрлі және заманауи музыкалық мәдениеттің жауһарларын орындады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары