- Басты
- Жаңалықтар
- Анкарада Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауы талқыланды
Анкарада Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауы талқыланды

Конференцияға 200-ден астам адам, олардың ішінде ғылыми және академиялық топтардың өкілдері, зерттеушілер, халықаралық бақылауышылар, Түркияның мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, оқытушылар мен Анкарадағы университеттер студенттері қатысты.
«Атылым» университетінің ректоры Абдуррахман Өзгеноғлы сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы мемлекеттілігінің қалыптасуы мен өркендеуінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.
«Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаев нағыз ұлттық көшбасшы ретінде өз мемлекетін даму мен өркендеуге алып жүріп келе жатыр. Бұны біз Қазақстанның сыртқы саясатын салиқалы үйлестіре жүзеге асырғандығынан білеміз. Көптеген жетістіктерге қол жеткізіліп, ендігі кездегі белестер Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленді. Бұл ретте әлемдегі тұрақсыз экономикалық ахуал ортасында экономиканы индустрияландыру және шетел инвестицияларды тарту мәселелеріне ерекше көңіл аударылды. Президент Н.Ә.Назарбаев халықаралық нарығындағы бүгінгі күнгі дағдарысты алдын ала көре білді, және, осыған орай өз Жолдауында бар байлықты өз елінің болашағы үшін жұмсалуы бойынша тапсырмалар берді. Бұның бәрінен оның орасан зор еңбектенуінің арқасында Көшбасшы мәртебесіне қол жеткізіп отырғандығын түсінуге болады», - деп, А.Өзгеноғлы толықтырды.
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев өз баяндамасында іс-шараны өткізгені үшін университет басшылығына ризашылығын білдірді. «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында екіжақты қарым-қатынастардың тарихындағы өзекті мәселелерден, сонымен қатар ҚР-ның сыртқы саяси бастамалардан, оның ішінде 2017-2018 жылдарға ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасы, «АТОМ» мен «Джи-Глобал» жобалары және «Астана-ЭКСПО-2017» көрмесі жөнінде хабардар етті.
Жалпы айтқанда, іс-шара түрік академиялық топтардың Қазақстанға және елдің стратегиялық құжаттары мен бағдарламаларына, сондай-ақ ҚР-ның ғаламдық экономикалық дағдарыс аясындағы алдын алу іс-әрекеттеріне қатысты қызығушылығын тудыртты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Президент жолдауынан басталған игі істер
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
-
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы
-
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім
-
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды
-
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды
-
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы

