• Басты
  • Халықаралық сарапшылар Астанада мемлекеттік қызметкерлерге арналған тренинг өткізеді

Халықаралық сарапшылар Астанада мемлекеттік қызметкерлерге арналған тренинг өткізеді

8 Желтоқсан, 2014 13:05
Мемлекетттік қызмет саласындағы халықаралық сарапшылар мемлекеттік қызметкерлерді оқыту процесіне инновациялық технологияларды енгізу тәжірибелерімен бөліседі. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб аясындағы «Мемлекеттік қызметкерлерді дамытудың инновациялық тәсілдері» атты халықаралық конференцияда айтылды.

«2013 жылғы ҚР-дағы мемлекеттік қызмет реформасы халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие бола отырып, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту сапасын ары қарай көтеруге заңнамалық және әлеуметтік негіз қалады. Сол себепті ҚР Президенті жанындағы Академия басшылығымен бірлесе отырып бүгінгі конференцияның тақырыбы белгіленіп отыр. Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда  инновациялық технологияларды пайдалану тәсілдері таныстырылады. Осы орайда Кореяның мемлекеттік қызметкерлерін оқыту институты мен ел президентіне де көп алғыс білдіреміз. Бір ай бұрын ғана Кореядағы мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесін енгізу жоспарланып отыр», - дейді Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб тың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов.

Айта кету керек, Өңірлік хабтың қолдауымен өтетін шараны тек хаб қана қаржыландырмай, сонымен қатар өзге де ұйым және үкіметтер тарапынан қаржыландырылады. Атап айтар болсақ, бірқатар шаралар бүгінге дейін Еуроодақ,Әзірбайжан, Таиланд, Грузия, Қырғызстан Үкіметтері тарапынан ұйымдастырылды.

«Хаб қолдауындағы шара біздің қатысушылар мен әріптестер тарапынан да қаржылық қолдау көреді. Осы орайда Еуроодаққа алғыс айтып, Аурелия Бушезге жүйелі түрде көрсеткен қолдауы мен әріптестікке қашан да дайын екендігі үшін алғыс білдіреміз. Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттер үкіметі мен ұйымдардың өкілдеріне де алғысымызды білдіреміз. Біз 2015 жылы Өңірлік хабты қабылдай отырып Аталмыш елдердің бастамаларын қос қолдап қолдаймыз», - дейді Бәйменов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Еуропалық Одақтың қолдауымен мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб аясындағы «Мемлекеттік қызметкерлерді дамытудың инновациялық тәсілдері» атты халықаралық конференциясы ашылды. Ол елордадағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтеді. Шара екі күнге созылмақ.  

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар