• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жарғылық капитал қолданылмайды

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жарғылық капитал қолданылмайды

8 Желтоқсан, 2014 12:17
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жарғылық капитал қолданылмайды, деді ОКҚ брифингінде әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым.

«Шағын кәсіпкерлікке салынатын жарғылық капиталды алып тастау қарастырылуда. Бұл қағазбастылықты жоюға мүмкіндік береді, бизнестің ешбір кедергісіз өз жұмысын бастауға септігін тигізеді», - деді ол.

Б.Әбдірайым атап өткендей, ведомствода мүлікпен жұмыс істеген кезде техникалық паспортты алып тастау мәселесі қаралуда. «Барлық база электронды форматта тіркелетін болғандықтан, кәсіпкерлерге техникалық паспортты өзімен алу қажеттілігі болмайды. Нотариус база арқылы барлық мәліметті өзі тексере алады», - деді ол.

«Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерін тіркеу үдерісі 1 сағат уақытты ғана қамтитын болады.Бұған дейін ол 2 тәулікті қажет еткен», - деді әділет вице-министрі.

Әділет министрлігі бірқатар заң жобасын әзірледі, бүгінгі таңда ол Мәжіліс қарауында жатыр. Заң жыл соңына дейін қабылданады. 2015 жылдың қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар