Медициналық-сот сараптамасының қызметі Әділет министрлігіне беріледі

8 Желтоқсан, 2014 12:06
Медициналық-сот сараптамасының қызметі Әділет министрлігіне беріледі, деді ОКҚ брифингінде әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым.

«Елбасының 25 тамызда шыққан Жарлығына сәйкес, мемлекеттік басқару деңгейлерінің құзіреттілігінде сараптама қызметінің берілуі  қарастырылған. Сондай-ақ, психиатриялық сараптама, наркологиялық-сот сараптамасы, медициналық-сот сараптамасы денсаулық сақтау және  әлеуметік даму министрлігінің құзіреттілігінде болатын. Сол себепті бұл қызметтер әділет министрлігінің еншісіне берілуде, сот сараптамсы мемлекеттік ортада бейімделуі қажет», - деді Б.Әбдірайым.

Вице-министр атап өткендей, Жарлыққа сәйкес, әділет министрлігіне жататын үш комитеттің қызметі бөлініп, департаменттерге берілді. Сот актілерін орындау қызметі әділет департаментіне берілді. Осы себепті әділет органдарының қызметі нығайды, деді Әбдірайым.

«Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті тіркеу 1 сағатты ғана қамтитын болады. Осыған дейін аталмыш үдеріс 2 тәулікті құрайтын», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар