• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада 2014 жылдың қараша айында заңды тұлғалар 1,2%-ға артық тіркелді – Статистика департаменті

Астанада 2014 жылдың қараша айында заңды тұлғалар 1,2%-ға артық тіркелді – Статистика департаменті

8 Желтоқсан, 2014 12:46
Осы жылдың қараша айында барлығы 558 кәсіпорын мен ұйым тіркелді, 242-і жойылды. Жаңадан тіркелген субъектілердің басым көбі «Алматы» (56,8%) және «Сарыарқа» (26,0%) аудандарында шоғырланған.

«Есіл» ауданының үлес салмағы     17,2%-ды құрайды, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.

Жаңа заңды тұлғалардың 538-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік (әрі қарай - ЖШС) түрінде тіркелген. Сонымен бірге, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 12 бірлігін - қоғамдық бірлестіктер мен қорлар (бұдан әрі - ҚБ), 4 - мекеме, 2 - заңды тұлғалар бірлестігі, 2 - тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - ТК).

Жойылған кәсіпорындардың 228 - ЖШС, 4 - мекеме, 4 - ТК, 2 - ҚБ, 2 - акционерлік қоғамы, 2 - өндірістік кооперативі.

Осы  жылдың қараша айында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының 364-і - ерлер, 194-і - әйелдер. Осы кезеңде жойылған кәсіпорындардың арасында ерлер саны - 188, әйелдер - 54 адамды құрады.

 

Барлық жаңалықтар