- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов: «Нұрлы жол» – «Қазақстан-2050» стратегиясына қол жеткізудің нақты құрылымдық жоспары
Е. Ыдырысов: «Нұрлы жол» – «Қазақстан-2050» стратегиясына қол жеткізудің нақты құрылымдық жоспары
ҚР СІМ басшысы өз сөзінде жаңа Жолдау халықаралық қатынастар жүйесінде болып жатқан өзгерістерге еліміздің реакциясы деп атап өтті.
«Әлем өзгеріп, дәуір алмасып, еуразиялық кеңістіктегі тұрақсыздықтың артуын, лаңкестіктің айтқысыз өсуін, экономикалық дағдарысты, энергетикалық нарықтағы ауытқуларды – осының бәрін Елбасы айқын көріп, талдап, әлем көшбасшыларымен пікір алмасып, сыртқы қатерлерге орай пікір сөз айтады. Биыл, әсіресе жылдың екінші жарты жылдығында түрлі халықаралық алаңдарда, соның ішінде АСЕМ шеңберінде, ең жоғары деңгейде бірқатар кездесулер болды, шетел мемлекеттерінің көптеген басшылары Астанаға сапармен келді, осының бәрі Қазақстанның тұрақты ел ретінде қабылданатындығын білдіреді», - деп айтты ол.
Е. Ыдырысов сыртқы тұрақсыздық пен жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде «Нұрлы жол» барлық мемлекеттік органдар үшін қойылатын міндеттердің квинтэссенциясы болып табылады деп айтты.
«Жолдау Қазақстан халқы әл-ауқатын қолдауға, халықты күйзелістерден қорғауға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Инфрақұрылымдық өзгерістер арқасында Астананы елдің барлық өңірлерімен байланыстыру алдағы ұзақ мерзімге маңызды күретамырлардың орнығуын қамтамасыз етеді. Көптеген шетелдік серіктестеріміз «Нұрлы жолды» Американың 1930-жылдарының басында қаржы және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектескен АҚШ Президенті Ф.Рузвельттің экономикалық бағдарламасымен салыстырады. Қазақстан Америкадағыдай дағдарысқа тап болмаса да, бағдарламалар ұсынылған жаңа экономикалық саясаттың көлемімен және еліміз үщін маңыздылығымен ұқсас», - деді ол.
Алқа отырысы барысында, Жолдауды түсіндіру жұмыстарының нәтижесі заманауи Қазақстанды оңынан қабылдауды нығайтып қана қоймай, еліміздің шетелдік әріптестерімізбен өзара тиімді ынтымақтастығын, мемлекетімізге құйылатын инвестициялардың өсуіне, және соңында экономикалық дами түсуімізге, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға, «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Қазақстан - 2050» Стратегиясының мақсаттарына жетуге өз септігін тигізетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда