• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО-ның Ақжайық ауданында 57 кәсіпкер ШОБ-ті дамытуға 133 млн теңгенің несиесін алды

БҚО-ның Ақжайық ауданында 57 кәсіпкер ШОБ-ті дамытуға 133 млн теңгенің несиесін алды

8 Желтоқсан, 2014 10:51
Ақжайық ауданында жыл басынан бастап 57 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ШОБ-ті дамытуға 133 млн теңгенің несиесін алды, деп хабарлады БҚО әкімдігі.

Ауданның 44 жастағы тұрғыны өз ісін мал шаруашылығы саласына арнады, 13 адам наубайхана, жалпы тамақтану кәсіпорны, әр түрлі қызмет көрсететін цех ашты.

Сондай-ақ, аудан орталығында ет комбинатының ашылуына орай ауданның 10 тұрғыны ветеринарлық кәсіпкерліктің операторы мамандығын игеруде. «Өткен жылы аудан бойынша 225 адам қоғамдық орындарда қызмет істеді. Осы жылы олардың 86-ы тұрақты жұмысқа орналасты, 52 жұмыс беруші ұсыныс жасады,145 адам  жұмыс орындарына бағытталды, оның ішінде 24-і тұрақты негізде қызмет етпек», - делінген хабарламада.

Аудан орталығының мамандары ЖҚЖК аясында 703 тұрғынға кеңес берсе, 417 ауылдықпен келісімшарт орнатты.

Барлық жаңалықтар