• Басты
  • Жаңалықтар
  • Берлин еуразиялық клубының отырысында еуразиялық бірігудің мүмкіндіктері мен шектеулері талқылады

Берлин еуразиялық клубының отырысында еуразиялық бірігудің мүмкіндіктері мен шектеулері талқылады

8 Желтоқсан, 2014 10:36
Берлинде «Еуразиялық бірігудің мүмкіндіктері мен шақырулары» тақырыбында Берлин Еуразиялық Клубының 12-ші отырысы өтті.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, отырысқа Германия мен Еуропа қоғамдық-саяси, іскерлік және сарапшылар топтарының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, герман тарапынан – Германияның Федералдық үкіметінің Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша өкілі Корд Майер-Клодт, Сыртқы саясат жөніндегі герман қоғамының директоры Эберхард Зандшнайдер және т.б.; қазақстандық тарапынан – ҚР ГФР-ғы Елшісі Болат Нүсіпов, Орталық Азия Ассоциациясының төрағасы Болат Сұлтанов, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков және т.б.

Өз сөзінде Б. Нүсіпов «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының жаңа экономикалық саясатының мақсаттарын айтып, алып өндірістік және ғылыми-техникалық әлует пен зор табиғи ресурстары бар 170 миллион адамның басын біріктірген ЕУЭОортақ нарығының негізгі аспектілерімен таныстырды. Осыған байланысты қазақстандық дипломат Германияның іскер қауымы үшін алдағы мүмкіндіктерін атап өтіп, неміс тарапын экономикалық интеграцияның жаңа артықшылығын белсенді пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде К. Майер-Клодт Орталық Азия аймағында ГФР-мен негізгі сауда серіктесі болып отырған Қазақстандағы экономикалық өзгерістерге Германияның қызығушылық танытып, үмітпен қарап отырғанын мәлімдеді.

Клуб дискуссиясы барысында қазақстандық және неміс саясаткерлері мен сарапшылары Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының мақсат, міндеттерін жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық және Еуро одақтарының ынтымақтастығын және қазақстандық-германдық сауда-инвестициялық әрекеттестікті дамыту туралы ашық және жанды пікіралмасып, өз көзқарастарын ортаға салды.

 

Барлық жаңалықтар