- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімдігі француз компанияларымен тау туризмін дамыту туралы меморандумға қол қойды
Алматы әкімдігі француз компанияларымен тау туризмін дамыту туралы меморандумға қол қойды
Яғни, Алматы әкімдігі мен «Монтань» тау кластері бірігіп жұмыс істеу жөнінде меморандум жасады. «Көктөбе» паркі мен «РОМА S.A.S.» компаниясы да келісімге келді. «Көктөбе» тауларына гондельді жол жасау үшін аталған компания тиісті жабдықтар жеткізетін болады.
Мегаполис басшысы Ахметжан Есімов екі мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Франуса Олланд арасында жасалған жоғары деңгейдегі келісімдердің өте маңызды екендігін айтты. Ол, сонымен қатар, турзм саласы Алматыны одан әрі дамыту жөніндегі Концепцияның басты бағыттарының бірі екендігін жеткізді.
«Біз Алматыны дамытудың негізгі үш бағытын белгіледік. Біріншісі - АЭА, Инновациялық технологиялар паркі, ол дербес экономикалық режимде жұмыс істеуде.Мемлекет тарапынан оған көп жеңілдіктер жасалып отыр, салық пен кедендік төлемдерден босатылған. Екінші бағыт - Индустриалды аймақты дамыту, мұнда ішкі және сыртқы нарыққа өнім шығаратын кәсіорындар құрылатын болады. Үшіншісі - туризм. Екі мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдер барысында француз компанияларының саны артатындығына мен сенімдімін», - деді Ахметжан Есімов.
Осы күні Франция Президенті француз диаспоры, Алматы мен Қазақстан ғалымдары мен студенттері алдында дәріс оқыды.
Франсуа Олланд өз сөзінде туристік кластер құру арқылы туристерді көптеп тартуға, Қазақстан мен Алматыны одан әрі дамытуға болатындығын атап өтті.
Бұдан өзге, Франция Президенті бизнес пен экономикада ғана емес, ғылым мен мәдениетте де екі жақты іскерлік байланысты жандандыру қажет деді.
«Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтанм Назарбаевпен екі ел студенттерінің Францияда және Қазақстанда білім алулары жөніндегі құжатқа қол қойдық. Қазіргі кезде Францияда жыл ішінде 400-ге жуық қазақстандық студенттер білім алуда. Жақын арада олардың саны артады деген ойдамын», - деді Франсуа Олланд.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі