• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Елшісі Д. Қуанышев Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Д. Қуанышев Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

8 Желтоқсан, 2014 09:02
ҚР Израиль Мемлекетіндегі Елшісі Д. Қуанышев Израиль Президенті Реувен Ривлинге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

«Президент салтанатты рәсім барысында өзінің қазақ әріптесі Н.Назарбаевтың халықаралық бейбіт бастамасын жоғары бағалады және ол үшін Қазақстанның Президенті дінаралық және этникаралық келісімде табысқа жеткізген саясаткер  ретінде үлгі болып табылады. Сонымен бірге,  ол Республикамызды  аймақтағы аса мықты державасы болып табылатындығын атап кетті»,  - делінген хабарламада.

Елші Д. Қуанышев  қазақстандық лидерінің сыртқы саяси бастамасы, жекелегенде  АӨСШК және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне шақыру барысы туралы Р.Равлинді хабардар етті. Сонымен бірге ол  алдағы болатын 2017 ж. ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесін еске салды. Бұдан басқа да  Елші  БҰҰ ҚК тұрақты мүше емес сайлауына Қазақстанның кандидатурасы туралы айтты.

Елші ү.ж. тек қана  9 айда   екі ел арасында сауда айналымы 1.3. млрд доллар сомасына көтерілгенін, бұл 2013 жылғы аналогиялық кезеңмен салыстырғанда 60%-ға жоғары екенін атап айтты. Осы көрсеткіштердің көбісі ҚР-дан шыққан экспорт тауарларына қатысты. Әңгіме барысында  Қазақстан мен Израиль арасындағы әуебайланысын қалпына келтірудің маңыздылығын, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық қатынасын құрайтын инвестиция мен технологияны жақсарту қажеттігі айтылды. 

 

Барлық жаңалықтар