• Басты
  • Павлодарлық жылу электр орталығы қуатын арттыруда-әкімдік
7 Желтоқсан, 2014 10:33

Павлодарлық жылу электр орталығы қуатын арттыруда-әкімдік

«Павлодарэнерго» АҚ-тың үшінші ЖЭО-сында қайта жаңартудан кейін №5 турбина іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодарлық жылу электр орталығы қуатын арттыруда-әкімдік | Strategy2050.kz

«Шараға облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысып, генераторды іске қосу тетігін басты.Жаңғыртудан өткен турбоагрегат электр энергиясын 20 МВт –қа артық өндіретін болады. Бұл экологиялық және экономикалық көрсеткіштерді арттыру және жүктеменің кең диапазонында станцияның сенімді жұмысы үшін маңызды шара болып табылады», - делінген хабарламада.

№5 турбинаның роторлары мен жоғары және орташа қысымдағы цилиндрлері ауыстырылды. Осылайша станса қуаты 110-нан 130 МВт-қа дейін ұлғайды. Ауамен салқындатылатын генератор НПО «ЭЛСИБ» ААҚ компаниясымен жасалды (РФ Новосібір қ.), роторлар және цилиндрлер «Уральский турбинный зауыт» ЖАҚ-пен өндірілген (РФ Екатеринбург қ.).

Турбинаны қайта жаңарту жұмыстары 2013 жылы басталған болатын. Жобаның жалпы құны 6 млрд теңгеге жуық. Оның ішінде 2014 жылы осы мақсаттарға 2,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қайта жаңғыртылған турбина 2013 жылдан бері Павлодар 3-ЖЭО-сында іске асырылған ең ірі инвестициялық іс-шаралардың бірі болып табылады.

«Бесінші турбинаны іске қосу – бұл біздің кәсіпорында өндіруші станцияларды модернизациялаудың және инвестициялар көлемін ұлғайтудың айқын куәсі. Біз өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жалғастырамыз, бұл мемлекет басшысының біздің, энергетиктердің алдына қойған негізгі міндеттердің бірі», - деп атап өтті «Павлодарэнерго» АҚ-тың бас директоры Олег Перфилов.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды