- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан білім беруді әлемдік озық стандарттарға жақындатуды көздейді
Н.Назарбаев: Қазақстан білім беруді әлемдік озық стандарттарға жақындатуды көздейді
«Мемлекет басшысы бұл шараға француз көшбасшысының қатысуы білім беру саласындағы осы бірлескен жобаның екі ел үшін де маңызы жоғары екенін білдіретінін айтты», - делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне кірікпейінше, инновациялар мен білімге негізделген жаңа экономика құра алмайтынын да атап өтті.
« Біздің елімізде білім дамудың басымдығы бар шарты болып саналады. Қазақстан оны әлемдік озық стандарттарға жақындатуды көздейді. Біз жастарымыздың болашаққа батыл қарауына мүмкін беретін барлық білім мен машықты өз елінде игере алатындай болуын мақсат етіп отырмыз. Әлемге аты танымал университеттердің елімізге келуі біздің таңдаған бағытымыздың дұрыстығын көрсетеді», - деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде Франсуа Олланд мәдениет және білім беру саласындағы қазақ-француз ынтымақтастығы бұдан әрі де кеңейе беретіндігіне тоқталды. Сондай-ақ жаңа ЖОО түлектері Қазақстанның инновациялық дамуына елеулі үлес қоса алатындығына сенім білдірді.
«Сорбонна - Қазақстан» институты «Париж қаласының Сорбоннасы» (PRES Sorbonne Paris Cité) Жоғары білім ғылыми орталығының әлемдегі екінші және Орталық Азиядағы бірден-бір филиалы болып отыр. Ондағы білім беру үдерісі Болон конвенциясына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан мен Францияның профессорлары сабақ береді.
Бірлескен институттың ашылуы отандық білім беруді елдің жоғары білікті мамандарға деген сұранысын қамтамасыз етуге бағыттаудағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»