- Басты
- Жаңалықтар
- Мүмкіндігі шектеулі жандарға «ЖанШуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды (Фото)
Мүмкіндігі шектеулі жандарға «ЖанШуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды (Фото)
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» қоғамдық бірлестігі осы ұйымның негізін салушы Иран Омарбеков бастамашы болған «Шексіз мүмкіндіктер» акциясын ұйымдастырушы және құрылтайшы болып отыр.
Марапаттау салтанатына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, білім, мәдениет және спорт тағы басқа да салалардың өкілдері қатысты.
«ЖанШуақ» сыйлығы мәдениет, спорт, білім, эстрада салалары және қолданбалы өнердің барлық түрлері бойынша жоғары жетістікке жеткені үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі.
Сондай-ақ, Бауыржан Байбек аталған шараға қатысушылардың өмірге құштарлығы, талпынысы, табандылығы мүмкіндігі шектеулі жандарға үлгі боларлық іс екеніне және ерекше күш-жігер беретініне тоқталды.
7 номинация бойынша сыйлыққа ие болғандар:
«Мүгедек жандардың өмір сапасын жақсартқаны үшін» сыйлығы - Оспанов Дүйсенғали, Қостанай қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР қоғамдық қызмет саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы - Батпақұлова Гүлмира, Орал қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР қолданбалы өнер саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы - Алина Лампартер, Қостанай қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР мәдениет саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы - Бектасов Нүркен, Семей қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР вокалдық орындаушылық саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы - Салықова Ләззат, Қапшағай қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың арбада отырып өнер көрсету бойынша айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы - Аманбеков Талғат, Тараз қ.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР спорт саласындағы айтулы жетістіктері үшін» сыйлығы - Ли Дмитрий, Астана қ.
Ресми дерек бойынша бүгінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 650 мың адам өмір сүруде. Олардың көпшілігі талантты және мақсаткер жандар. Жыл сайынғы «Шексіз мүмкіндіктер» акциясы мүгедек жандарға денсаулығындағы ақауға қарамастан оның қоғамның толыққанды мүшесі бола алатынын дәлелдеуге, бақытқа лайықты екенін сезінуге зор мүмкіндік береді.
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр -
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді -
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары