- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының әкімдігі мен ӨКП ШОБ саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі
Қызылорда облысының әкімдігі мен ӨКП ШОБ саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі
Бұл меморандум бизнес ортаға қолайлы жағдай қалыптастырып, кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындауға жол ашады.
« Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қызылорда облысы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 1-орында болғанымен, республикада ішкі жалпы өнімдегі үлесіміз аз. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, тиісінше әлеуметтік ахуалдың жақсаруы кәсіпкерліктің қарқынды дамуына тікелей байланысты»,- деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев экономиканы әртараптандыруға, индустриалды-инновациялық жобаларды қабылдауға аса көңіл бөлу керек екенін айтты.
Бүгінде Қызылорда облысында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен құны шамамен 60 млрд. теңге болатын 8 жоба іске асырылып жатыр, тағы да 5 жоба әзірлену үстінде. Сондай-ақ, облыс әкімі газды терең өндіру үшін параметрлік ұңғыма салу жөнінде Мұнай және Газ министрлігіне ұсыныс берілгенін айтты.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы Палата директоры Руслан Досмаханов баян етті. «Кәсіпкерлікті құқықтық қорғау бойынша келіп түскен 133 өтініштің 81 пайызы оң шешімін тапты, сондай-ақ 75 бизнес-жоспар әзірленді. Қазір Палата 20 қызмет түрі бойынша кәсіпкерлерге тұрақты әрі тегін қызмет көрсетіп келеді»,- деген Палата директоры облысымызда кәсіпкерлер үйін ашуға ұсыныс жасады.
Өңірлік кәсіпкерлер Палатасы кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов аймақтағы шағын және орта бизнестің даму қарқыны туралы сөз етті. Ал жиынға қатысқан бірқатар кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы мал шаруашылығын және жергілікті супермаркет жүйесін дамытудағы тәжірибесін қолдану керектігін айты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады