- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Әлеуметтік нысандардың қолжетімді картасының мобильдік қосымшасы таныстырылды
Астанада Әлеуметтік нысандардың қолжетімді картасының мобильдік қосымшасы таныстырылды
«Әлеуметтік нысандардың қолжетімділік картасы» мобильдік қосымшасы "Нұр Отан" партиясының «Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» жобасы аясында "Жас Отан" жастар қанаты тарапынан әзірленді.
Бұл мобильді қосымшаның ерекшелігі – ол краудсорсинг ұстанымы бойынша республиканың түрлі қалаларының тұрғындарынан келіп түскен ақпараттар негізінде құрылады. Қолжетімділік картасы мүгедек жандарға көмектесумен қатар, оларды қала инфрақұрылымындағы қолжетімді нысандар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Мобильдік қосымша бір ай бұрын іске қосылып, осы уақыт ішінде Қолжетімділік картасында шамамен республикамыздың түрлі өңірлеріндегі 800 нысан орналастырылды .
Қолжетімді карта санаттарына кірген нысандар саны әртүрлі, олар - мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, спорттық нысандар, арнайы бағдаршаммен жабдықталған жол қиылыстары, көлік тұрағы және тағы басқалары.
«Қазіргі таңда жаңа технологиялар мен гаджеттерді әсіресе жастар белсенді түрде пайдаланатыны мәлім. Сондықтан, осы іс-шараға атсалысуға біз жастарды тартып отырмыз. Солардың жасампаздықтарының арқасында Қолжетімділік картасы қоғамда керекті құралға айналатынына сеніміміз зор», - дейді «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов.
Қолжетімділік картасы туралы ақпаратты map.nurotan.kz сайтынан алуға болады. Сайтта «Кедергісіз келешек - Будущее без барьеров» бағдарламасы аясындағы соңғы жаңалықтармен, видео ақпараттармен, суреттермен таныс бола аласыздар. Сонымен қатар «Пайдалы қор» бөлімін қосу жоспарлануда, ол жерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекемелер, ұйымдар туралы мәліметтер базасы сақталады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады