- Басты
- Жаңалықтар
- Хельсинки қаласында «Қазақстан әйелдері: тарих және қазіргі заман» фотокөрмесі ашылды
Хельсинки қаласында «Қазақстан әйелдері: тарих және қазіргі заман» фотокөрмесі ашылды
«Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп жатқан фотокөрме екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды оқиға болды. Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық әйелдердің әлеуеті мен олардың демократия және гендерлік теңдікті дамытудағы белсенді үлесін көрсету болды. Фотокөрмені қонақтардың назарына ұсынылған қазақстандық әйелдердің бейнелерімен «Туған жерімнің әйелдері» әйгілі көркемөнер шеберлерінің альбомдары толықтырды», - делінген хабарламада.
Ашылу салтанатында Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев, Финляндияның Сыртқы істер министрлігінің Гендерлік теңдік бойынша Елшісі Тарья Репонен және «Жұлдыз» Орталық Азия қауымдастығының басшысы Мавлюда Пейпонен сөз сөйледі.
Өз сөзінде Елші Ғ.Қойшыбаев Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік және отбасы-демографиялық саясатындағы ажырамас құрамы болып табылатын гендерлік теңдікті сақтаудағы ұстаушылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат әйелдер әлеуетін жүзеге асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетілдіруінің маңызды шарты болып табылатынын айтты.
Елші Т.Репонен Қазақстанның гендерлік теңдікті жылжытудағы белсенділігін қолдай отырып, қонақтарға Финляндияның гендерлік тең құқықтықта негізгі бастамалары туралы мәлімдеді.
Көрменің ашылу салтанатына Финляндияның сыртқы істер, мәдениет және білім министрліктерінің, қазақ диаспорасының, «Қазақстан достары» клубының өкілдері және қазақстандық студенттер қатысты.
Фотокөрмемен танысуға ниет білдірушілер үшін галереяның есігі апта бойы ашық болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау