- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев француз компанияларын екінші индустриалды бесжылдаққа қатысуға шақырды
Н.Назарбаев француз компанияларын екінші индустриалды бесжылдаққа қатысуға шақырды
«Біз үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Қайта өңдеу секторына шетелдік инвестицияның 70%-ы құйылды. Тәуелсіздік жылдары барлығы 200 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. 2015 жылдан бастап Қазақстанда екінші бесжылдықты жүзеге асыру басталады. Онда металлургия, химия, мұнайхимиясы мен машинақұрылысына, құрылыс индустриясы мен таман өндірісіне басымдылық берілген. Аталмыш салалар бойынша жобалардың инвестициялық қоржынының жалпы құны 30 млрд долл және ерекше жеңілдіктерге байланысты ол артып келеді. Бүгінде әлемнің 100-ден астам компаниясы Қазақстанда жұмыс істеуге, оған қаржы құюға дайын»,- деді мемлекет басшысы.
«Француз компаниялары екінші индустрияландыру бесжылдығына белсенді қатысады деген ойдамын. Өзіміздің тарапымыздан инвесторларға барынша қолдау көрсетеміз»,- деп сендірді Н.Назарбаев.
«Франция екі елдің тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келеді. Өткен жылы ол 6 млрд доллардан немесе 8 млрд еуродан асып жығылды. Соңғы 10 жылда француз бизнесмендерінің елімізге инвестициясы 11 млрд доллардан асып кетті. Айта кетерлік жайт, қазақстандық - фрацуз бизнес форумына қатысушылар саны өзара бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылықтың артып келе жатқанын байқатады»,- деп атап өтті Президент.
Елбасы еске салып өткендей, қазақстандық нарықта 100-ден астам француз компаниялары жұмыс істейді. «Бірлескен жобалар өндіріс саласымен бірге жаһандық экономикада маңызы жоғары технологиялар саласында да жүзеге асырылуда»,- деп атап өтті Н.Назарбаев.
Камила Амирова
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда -
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстан мектептері неге дәстүрлі оқу форматына көшкен жоқ -
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді -
COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр -
Коронавирустың екінші толқыны: Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі -
Коронавирустың екінші толқыны: Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме -
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстанда балалар арасында вирустың таралу деңгейі қандай