- Басты
- Жаңалықтар
- Бразилияда «Қазақстандық кино апталығы» өтуде
Бразилияда «Қазақстандық кино апталығы» өтуде
«Аталған мерекелік іс-шараға Бразилиялық қоғамдық қайраткерлер, ғылыми-мәдениет және академиялық топтар, мемлекеттік органдар мен ведомстволар өкілдері, Жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен студенттері және БАҚ өкілдері, сондай-ақ Бразилияда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.
ҚР Бразилиядағы Елшісі Бахытжан Ордабаев Апталықты аша отырып, тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан айтарлықтай экономикалық серпіліске қол жеткізгенін, сонымен қатар, Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевпен белгіленген Қазақстандық даму жолы мемлекетіміздің әлемдік аренада мол табыстарға жетуін қамтамасыз етіп, қазіргі таңда, Қазақстан бүкіл әлемде танымал мемлекет болып отырғанын басып айтты.
«Бүгінгі, Бразилиядағы қазақстандық фильмдер Аптасы екі ел арасындағы кинематографиялық саладағы ұзақ мерзімді байланыстарды нығайтып қана қоймай, бразилиялық көрермендерді қазақ ұлтымен, оның тарихы және мәдениетімен жақын таныстырады, сондай-ақ бұл өткізіліп отырған іс-шара қазақстандық-бразилиялық достық қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына үлкен септігін тигізетініне сенімдімін», -деп мәлімдеді, қазақстандық дипломат.
Бразилиялық көрермен Қазақстан Елшілігіне алғысын білдіре отырып, бұл іс-шараның екіжақты өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жоғарғы мәнділігін атап өтті.
Португал тілінде дайындалған ақпараттық материалдардың нәтижесінде, кино әуесқойлары «Бразилиядағы қазақстандық фильмдер Аптасының» бағдарламасы, көрсетілетін фильмдердің мазмұндарымен алдын ала таныса алды. Барлық фильмдер португал тіліне аударылып, субтитрлармен көрсетілді.
Ресми ашылу салтанатынан кейін Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильмінің көрсетілуі орын алды.
Бразилиа қаласындағы қазақстандық фильмдер Аптасы осы жылы 10 желтоқсанға дейін өз жалғасын табады.
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты -
COVID-19: Дәрігерлерге өтемақы төлеу, кинотеатрлардың ашылуы, екінші тоқсандағы оқу форматы туралы -
Елордада 15 маусымда кинотеатрлар, ойын-сауық орталықтары мен балабақшалар ашылмайды -
"ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде -
Елорда оқушылары арасында бұрымдылар байқауы өтуде -
Қазақстанда kaztube онлайн кинотеатры іске қосылды -
Келіп жатқан тауарлар химиялық өңдеуден өтуде – С.Омаров -
Ұлттық киноға қолдау қалай көрсетілмек -
Алматыда ұлттық "Құлагер-2019" киножүлдесі табысталды -
Тәжікстанда Қазақстандық медицина күндері өтуде -
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы басталды -
Кинематография жаңалықтары, терминдер, туризм – ҚР Мәдениет және спорт министрі есеп берді -
Жастар жылын атап өтуде формалдық көзқарастан аулақ болу қажет – Қ.Тоқаев