- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей сарапшылары этно- және дінаралық төзімділікті сақтау мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Ресей сарапшылары этно- және дінаралық төзімділікті сақтау мәселелерін талқылады
Іс-шараны РҒА Шығыстану институты мен Ресейдегі Қазақстан Елшілігі бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы Тимур Козырев, ТМД елдері институтындағы Орта Азия және Қазақстан бөлімінің меңгерушісі Андрей Грозин, РҒА ШИ халықаралық мәселелер секторының меңгерушісі Ирина Звягельская, РҒА ШИ орталығының ғылыми қызметкерлері Андрей Аришев, Станислав Притчин, Игорь Савин, Лев Перепелкин, ММУ Ақпаратты-талдау орталығының басшысы Юлия Якушева және т.б. сарапшылар қатысып өтті.
Кездесу барысында сарапшылар Ресейде және Қазақстанда іске асырылып жатқан саясаттарының ерекшеліктері бойынша, этно- және дінаралық ынтымақты қорғап қалу саласындағы тәжірибелер, сондай-ақ екі елде қалыптасып жатқан саяси-әлеуметтік үдерістеріне украиналық дағдарыстың кер әсері жөнінде пікір-ой алмасты.
Сарапшылар елімізде қажетті шаралар атқарылып жатқанына өз назарларын аударды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» Жолдауында өңірдегі дағдарыс жағдайынан сақ қалу және алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін көпұлтты Қазақстан халқын бірлікті әрі қарай нығайтуға шақырғаны туралы ерекше айтылды.
А.Грозин өз баяндамасында Қазақстан басқа ТМД елдеріне қарағанда тәуелсіздігін алғаннан бері бейбітшілік пен жасампаз даму жолын ұстанып отырғанын айтты. Сондықтан, Қазақстандағы этно- мен дінаралық ынтымақты қамтамасыз ету тәжірибесі Ресей үшін пайдалы болу мүмкін деді. Атап айтқанда, ол Қазақстан халық ассамблеясының институты елде ұлтаралық саясатты жүргізу жүйесінде негізгі орын алатынына назар салды.
А.Чеботаревтың пікірі бойынша, елімізде жүргізіліп жатқан үш тілдік саясат, экономикалық реформалауға басымдық берілуі, Қазақстан халқы ассамблеясы институтының дамуы, түрлі ұлттық пен әлеуметтік топтары мүдделерінің ескерілуі – осының барлығы да елімізде қалыптасқан этно- және дінаралық татулықты сақтау саясатын тиімді қылып отыр.
«Жанжалдардың басым бөлігі қарапайым тұрмыс және әлеуметтік даулардан пайда болады, тек одан кейін ұлттық негізге көше бастайды», - деп И.Савин өз пікірін мәлімдеді.
«Осыған орай біздерге этноаралық жанжалдарды болдырмау тетіктерін жергілікті деңгейде жетілдіруге ерекше көңіл бөлу қажет», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары