- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов: Қазақстан мен Франция парламенті өкілдерінің ынтымақтастығы екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасын күшейтуге ықпал етеді
Қ.Жақыпов: Қазақстан мен Франция парламенті өкілдерінің ынтымақтастығы екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасын күшейтуге ықпал етеді
«Қабиболла Жақыпов Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты алға тарта келіп, біздің еліміздің Францияның алдыңғы қатарлы индустриялық-инновациялық тәжірибесін пайдалана отырып, экономиалық ықпалдастықты нығайтуға деген қызығушылығының ерекше екенін атап өтті», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында Мәжіліс Спикері француздық тарапқа Қазақстанның ДСҰ кіру мәселесіне қатысты келіссөздерде, сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасына байланысты көрсеткен қолдаулар үшін алғысын жеткізді.
Қабиболла Жақыпов француздық делегация мүшелеріне Мәжілісте атқарылып жатқан жұмыстар жайлы да баяндап берді. Әсіресе, елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту мен іскерлік климатын жақсартуға орай қабылданған заңнамалық құжаттарға назар аударды.
Өз кезегінде Франция Сенатының Қорғаныс күштері және қорғаныс мәселелері, халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ив Поццо ди Борго Қазақстанның қазіргі даму қарқынымен әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мүмкіндігінің зор екенін сеніммен айтты.
Жүздесу соңында Мәжіліс Төрағасы екі ел парламенттерінің арасындағы ықпалдастықты күшейту маңыздылығына көңіл бөліп, алдағы уақытта да қазақстандық депутаттардың бейінді комитеттер, ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы әріптестікті нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.
Француздық делегация мүшелерінің де Қазақстан мен Франция қарым-қатынасын күшейтуге ықыласы айрықша.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция