- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен Ф.Олланд стратегиялық серіктестігінің негізгі бағыттарын талқылады
Н.Назарбаев пен Ф.Олланд стратегиялық серіктестігінің негізгі бағыттарын талқылады
Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың негізін еліміздің тәуелсіздігін Еуропада алғашқылардың бірі болып таныған және 1993 жылы Қазақстанға келген Франция Президенті Ф.Миттеран қалағанын айтты.
«Содан бері дамып келе жатқан қарым-қатынастарымыз бүгінде стратегиялық серіктестік деңгейінде. Қазақстанда 100-ден астам француздық компания жұмыс істейді, көптеген бірлескен кәсіпорындар бар. Қазір ондаған бірлескен жобалар іске асырылуда. Сізбен бірге іскер топ өкілдерінің үлкен бір қауымы келгеніне қуаныштымын. Біздің кездесуіміз қарым-қатынастарымызды әрі қарай ілгерілетуге ықпал етеді деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.
Ф.Олланд өзінің бұл сапары Қазақстан Президентінің Францияға 2012 жылғы сапарында жасалған уағдаластықтың нәтижесі екенін атап көрсетті.
«Егер кейінге үңіліп, Қазақстанның Ф.Миттеранның сапарынан бергі жүріп өткен жолына қарайтын болсақ, бүгінде ол дамып, нығайып келе жатқан мүлде басқа ел. Біз Ресей мен Еуропа елдерінің арасындағы қарым-қатынастың ширығуы байқалып отырған уақытта кездесіп отырмыз. Мен мұның түйіні шешілгенін қалаймын, ал бұл орайда Сіздің ел айрықша рөл ойнайды», – деді Франция Президенті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі