ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 10 жыл ішінде 11 мыңнан астам үй жөнделді

5 Желтоқсан, 2014 11:04
Қазақстанда 2011-2020 жылдарға арналған ҚР-ның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында 81 мың шағырымнан астам жылу жүйесі мен электр және газбен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту көзделген. Оның ішінде 2015 жылы жалпы ұзындығы 31 мың шақырым жүйе жөндеуден өтеді.

Бұдан басқа, 2015 жылы жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 32%-дан 22%-ға төмендеуі тиіс. ТКШ жаңғырту бағдарламасы  аясында 10 жыл ішінде 11 мыңнан астам үйді жөндеуден өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Президент Н.Назарбаев «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауында атап өткендей, бүгінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарын инвестициялауға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам  даму банкі және жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытуда. «Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек», - деп атап өтті Елбасы.

Бұдан басқа 2015-2016  жылдары жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту үшін қосымша 160 млрд теңге бөлінеді. 2015 жылы - 60 млрд теңге және 2016 жылы - 100 млрд теңге. Осы ретте басты міндет жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту жұмыстарын барынша жеделдету.

Сонымен қатар Үкімет ағымдағы жылы тиімділігін арттыру үшін ТКШ жаңғырту бағдарламасына өзгертулер енгізді. 

Барлық жаңалықтар