- Басты
- Жаңалықтар
- Бразилиада ҚР мен БФР сот саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Бразилиада ҚР мен БФР сот саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сонымен қатар, сұхбаттастың назары «Қазақстан-2050» - Қазақстанның даму стратегиясы шеңберіндегі елдің ұзақ мерзімді дамуының топтамалық саласына жататын құқықтық реформаға, яғни Қазақстанда қалыптасып отырған құқық үстемдігіне аударылды.
Кездесу барысында, сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына байланысты, оның ішінде, алдағы уақыттарда өтетін Рио-де-Жанейро қаласындағы 2016 жылғы Жаздық Олимпиада ойындары және Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 сияқты әлемдік масштабтағы іс-шараларға қатысты мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат А.Левандовскийді Қазақстан Республикасы 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне өз кандидатурасын ұсынғаны туралы ақпарат беріп, Бразилия осы мәселеге қатысты тиісті қолғабыс көрсететініне сенім білдірді.
Б.Ордабаев Р.Левандовскийге қазіргі таңдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ахуалымен, сондай-ақҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауымен таныстырды.
Бразилияның сот басына, Елшілік тарапынан дайындалған португал тіліндегі Жолдаудың толық мәтінін алып, қолайсыз сыртқы шақырулар ахуалында тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа экономикалық саясатқа байланысты Жолдаудың негізгі қағидалары жөнінде толыққанды ақпарат берілді.
«Менің ойымша, бұл, бүгінгі таңда, әлемде қалыптасып отырған күрделі кезеңдердегі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешетін өзекті және дер кезіндегі құжат. Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықта өз орнын тауып, беделді әрі күрделі бәсекеге түсе алатын мемлекет ретінде көрініс табуда», - деп мәлімдеді А.Левандовский.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді